ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІН 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДА НЕ КҮТЕДІ

0

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІН 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДА НЕ КҮТЕДІ


Жұлдызнама белгілері үшін жылдың бастапқы айы қандай болмақ? Бірден қызбалық танытып, желіріп жүгірмеңіз, бәрін де асықпай, бірқалыпты, сабырмен істеңіз. Сары-қоңыр доңыз әлі де жолда, келетін уақыты ақпанда, сондықтан мұны естен шығармаңыз. Сізге қаңтар айында итпен қоштасып, жылды қорытып, жинақталу міндет.
 
Тоқты
Сіз үшін жыл басы тамаша энергия қорынан басталады, бұл сіздің мансабыңызда, сұлбаңызды қалыптастыруда айтарлықтай көрініс береді. Жақсы ойланған жоспар табысқа жетелейді. Жаңа жобаларды қаңтардың 10-ынан іске асырғаныңыз абзал. Шығармашылық және зияткер жұмысыңызға қосымша шабыт аларыңыз анық. 19 қаңтардан кейін сіздің өмірлік армандарыңыз бен мақсаттарыңызды қайта қарау күтіліп тұр, бұл шынымен сіз үшін қызықты ма деген сауал туындайтыны да рас. Жаңа ойлар мен жаңа шабытқа жетелейтін бейтаныс адамдар өміріңізге еніп, өміріңіздің мәніне айналуы мүмкін.
 
Торпақ
Бұл — сіздің дүниетанымыңыздың рухани әрі жан-жақты кеңеюіне мүмкіндік беретін уақыт. Өз жоспарыңызбен асықпауға кеңес береміз, іссапарлар мен саяхат күтіп тұр. Сізді жаңа оқу курсы не жаңа хобби қызықтыра бастайды. Жаңа бастамаларды қаңтардың 10-ынан кейін қолға алғаныңыз дұрыс. Бәрін де бақылауда ұстаңыз. 19 қаңтардан кейін сіздің назарыңыз мансапқа, қоғамдық имиджге ауады. Жұмыс орнындағы қарым-қатынас сіз үшін мағыналы әрі құнды бола түспек.

Егіздер
Қаңтарда сіз әдеттегіден байсалды боласыз, алайда анағұрлым терең әрі мағыналы қарым-қатынас сізді өзіне тарта түседі. Айдың екінші жартысы сіздің дамуыңыз бен биіктеуіңіз үшін маңызды жобалар мен жұмыстарға арналады. Серіктестік жобаларда сақтық қажет екенін ескертеміз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. 19 қаңтардан кейін өз дүниетанымыңызды, біліміңізді кеңейту үшін арнайы курстарға барғаныңызды қалаймыз.

Шаян
Қарым-қатынаста туындаған мәселелерді шешу күтілуде, өміріңізде жаңа маххабат орын алуы ықтимал. Жұмыста келісімге келмей қалушылық мәселелері, талас-тартыстар да туындауы мүмкін. Осыны есте сақтай отырып, өзіңізді күтіп, диета ұстаңыз, дұрыс тамақтануға көшіңіз. Дене белсенділігі күйзеліс пен алаңдаушылықты ұмыттыра алады.

Арыстан
Жұлдызнама қаңтар айында арыстандарға өз талантын пайдалануға кеңес береді. Өзіңізді жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік бар. 19 қаңтардан кейін шешімін күтетін дүниелер де қылаң беріп жатады. Өзіңіздің қажеттілігіңізді түсіне бастайсыз.

Бикеш
Бәрі өз жоспарларымен әлек болып жатқанда сізге романтика, шығармашылық, ләззат керек. Еркелегіңіз, бұзақы болғыңыз келеді де. Кез келген шығармашыл жобаларды қорықпай бастай беріңіз, жолыңыз болады. 19 қаңтардан кейін жұмыс пен денсаулыққа жақсылап көңіл бөліңіз.

Таразы
Мерекелер әлі де алда, сіздің қарым-қатынас орнатуға құлшынысыңыз әлі де ерекше. Өз үйіңізді сәндеп, әдемілеумен қаңтардың онынан кейін айналысыңыз. Қазіргі уақытта сіздің тәбетіңіз аса сезімтал екенін де ұмытпаңыз. Күнделікті өмір өз ағынымен өтіп жатыр. Қаңтардың 19-ынан кейін романтика, ду-думан сізден алыстай қоймас. Өзіңізді жайлы сезініп, барынша еркін болыңыз. Барлығын өз ақылыңызбен ұштастырсаңыз болғаны.

Сарышаян
Қаңтар айы сізді толығымен алға жетелейтін ай болмақ. Өмірдің әр саласынан сарышаянның көбісі қызықты ұсыныстар мен ойлар қабылдап жатады. Қаңтардың онынан кейін бастау алған жобалар өзінің жемісін береді. Тіпті жұмыстан қуылсаңыз да қорықпауға болады, өйткені бұл жаңа табысқа жетелейтін кез, мүмкіндік. Өзіңіздің шығындарыңызды үнемі талдап, қорытып жүрген артық болмас.

Мерген
Өз қаржылық табысыңызға қарап, қаншалықты ризасыз, соны бағамдап көріңіз. Қаңтардың онынан кейін сәтті күндер басталып, қаражатыңыз молая түседі. Күш-қуатыңызды дамуға арнаңыз. Өз өміріңіздегі бағалы дүниелерге аса мән беріңіз.

Тауешкі
Сіздің жаңа жылдық астрологиялық кезеңіңіз Тауешкілердің планеталық қозғалысымен тікелей байланысты болмақ. Өзіңізді көрсетіп, ойыңызбен бөлісіңіздер. Алда сізді қосымша мүмкіндіктер мен күтпеген жетістіктер күтіп тұр, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. 

Суқұйғыш
Өзіңіздегі бар мәселені шешіп алар күн туды. Көбіне табиғатқа шығып, ойланыңыз, ізденіңіз. Ішкі түйсігіңізге ерік беріңіз. Тіпті ерікті ретінде жұмысқа тұрсаңыз да артық етпейді, бұл сіздің жаныңызға дауа болары айқын. Ішкі әлеміңізді бағындыра біліп, көшбасшылық қабілетті де сынап көріңіз, бұл қандай да бір топ не ұйым болуы мүмкін. 19-ынан кейін сіз қайта түлейсіз, басыңыздағы қалың тұман сейіле бастайды. Шыдамдылық танытыңыз.

Балықтар
Өзіңіз үшін жаңа хобби мен қызығушылық танытатын жұмыстар табыңыз. Достар осы айда сіз үшін маңызды рөл атқарады, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Өз мақсатыңыз бен армандарыңызды қайта қарап, түгендеңіз. Жұмыс пен мансапта жаңа идеяларға толы боласыз, өзгелерді жалыныңызбен шарпып алмаңыз. Айдың соңын өзіңізді зерттеп, тануға берілер кезең деп қабылдаңыз. Өз ойыңызды айтып, пікіріңізді білдіруден еш қашпаңыз, бұл сіз үшін өте маңызды.

Дереккөз: Flytothesky.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz