Жұлдыздарды да шақырған. Nur Otan депутаты мейрамханада той өткізді

0
109
Сурет: Pexels

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Бағдәулет Махашов Nur Otan партиясының облыстық бақылау комиссиясының басшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Facebook қолданушысы Динара Эшатова Бағдәулет Махашовтың ұлының үйлену тойына орай жұлдыздардың (соның ішінде Қайрат Нұртас) қатысуымен салтанатты мереке өткізілетіні туралы хабарлама жариялады.

Nur Otan партиясы бақылау комитетінің басшысы Артур Платонов жағдайды өз қолына алды. Оның айтуынша, партиялық бақылаудың аймақтық комиссиясы Махашовқа сөгіс жариялады.

Шиелі аудандық мәслихатының депутаты Махамбет пен Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Нұрымбетов те ескерту алды.

Бұған дейін Қайрат Нұртас карантинге қарамастан алматылық мейрамханалардың бірінде тойға қатысқаны үшін 30 АЕК немесе 87 510 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.