«Жұлдыз тағы кетіп қалмасын»: Қайрат Нұртастың өзге қыздарды сүйген видеосын анасы не үшін жариялады

0

Қайрат Нұртас концертіне келген қыздардың қолынан сүйіп, елдің сынына қалды. Әншінің анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жариялаған видеода Қайрат Нұртас концертке келген қыздардың бірінің қолынан сүйіп, бірінің қолынан ұстап тұрып ән айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Желі қолданушылары Қайратқа мұндай әрекет жасамай-ақ қою керектігін айтып жатыр. Сондай-ақ бөтен қыздардың қолынан сүйгенін әйелі мен балалары көруі мүмкін екендігін айтып, видеоны жария етіп отырғаны үшін Гүлзира Айдарбекованы да сөкті.