Жұлдыз Өмірғали: Мен екінші әйел емеспін — Қазақстан жаңалықтары

Айқынның жас келіншегі көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Ол Айқынмен таныстығы, оның бірінші әйелімен қарым-қатынасы, балаларына деген көзқарасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.
Instagram оқырмандарына берген жауабында Жұлдыз Айқынның бірінші әйелімен араласпайтынын атап өтті. Сондай-ақ, өмірдің бумеранг екеніне, біреуге жасаған ісінің алдынан шығатынына сенбейтінін айтты.
«Екінші әйел болуға шыдамыңыз қалай жетеді?» деген оқырман сауалына Өмірғали: «Ал мен екінші әйел емеспін», — деп жауап берген.
Сондай-ақ, Жұлдыз Айқынмен таныстығы жайлы: «Ол маған хат жазды, әйтпесе тек сырттай танитынмын», — деді.
Ал «Айқынның әйелі бар екенін қалай білмей қалдыңыз?» деген сұраққа ол: «Әлі күнге дейін білмейтіндер бар», — деп жауап қатты.
Бұдан өзге, Жұлдыз Айқынның бірінші некеден туған балаларына бірқалыпты көзқараспен қарайтынын атап өтті.
stan.kz