Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті (видео) — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Жұлдыз Өмірғалидің отбасы үшін 1 наурыз — ерекше даталы күн. Дәл осы күні Жұлдыздың марқұм әкесінің туған күні. Асқар тауынан ерте айырылған бикеш бүгінде оны сағынады, деп жазады Stan.kz.
Ол тірі болғанда, өмірім басқаша қалыптасар ма еді, деп те ойлайды. Бұл туралы Жұлдыздың өзі отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында айтқан болатын.
Өмірғалиеваның әкесінен айырылып қалғанына биыл 10 жыл болған. Сөзіне қарағанда, әкесі 37 жасында өмірден озған.
«Көктемнің алғашқы күні. Менің әкемнің туған күні. 1-наурыз күні ылғи осы күнді атап өтетінбіз. Әкешім, туған күніңмен. Сені қатты жақсы көремін әрі сағынамын. (01.03.1972-30.03.2009)», — деп жазған Жұлдыз Instagram-дағы парақшасында бала кезіндегі фотоларын жариялады.
Өз сөзінде ол әкесінің темір жол саласында қызмет еткенін атап өтті.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz