Жұлдыз Өмірғали Айқынның 4 баласына төрт үй дайындап қойғанын айтты (видео)

0
34

Әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның екі отбасындағы төрт баласын да үймен қамтамасыз етіп қойғанын айтты. Ол жолдасының осы қасиеттері үшін риза болатынын «MOM’sкий әңгіме» бағдарламасында жеткізді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Естуімше, Айқын төрт баласына төрт үй алып, дайындап жатыр. Демек болашағын ойлап, жоспарлауда», — деді бағдарлама жүргізушісі. Ал Жұлдыз Өмірғали бұл ақпараттың рас екенін ашып айтты. «Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді «Санжардың атында қалдырамыз» дейді. «Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз» дейді.

Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды. Балаларының болашағын уайымдайды. Әр адам өзінің үйі болғанын қалайды ғой. Біреулер жылдар бойы соған ақша жинайды. Ал Айқын балаларының өмірдегі алғашқы баспалдағын дайындап қойды. Ол «Балалар тірнектеп үй алғанша, ақшасын білімге, өздерін дамытуға, ел аралауға құртса екен» деп ойлайды», — деді Жұлдыз Өмірғали. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші балаларымен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.