Жұлдыз Ақболаттың 500 мың тұратын курсын сатып алған адамдар оған шағым түсірді

0
278

Алматыда блогерлердің қымбат курсын сатып алып, оған шағымданып жатқан адамдардың саны көбейді.

Алматы телеарнасының хабарлауынша, аяқталмаған курстардың ақшасын қайтарғысы келетін 20 адам компанияның кеңсесіне басып кірген.

«Бұл Pro-land компаниясы. Офлайн сабағы 500 мың теңге тұрады. Сабақ негізі 70 күн өтуі керек болатын. Бірақ 2 айға толмай, тоқтап қалды. Сабақ неге тоқтап қалғанын ешкім түсіндірген жоқ. Ары қарай не болады? Біз ақшаны қайтаруды сұрадық. Бірақ олар хабарласпады, жауап бермеді. Полиция шақырып, арыз жазуға мәжбүр болдық» деді қала тұрғыны Ғазиза Байдәулет.

Pro-land кеңсесінің алдына жиналғандардың айтуынша, олардың арасында басқа да блогерлерден зардап шеккендер де бар. Олар курста алынған ақпаратқа көңілдері толмайтынын алға тартты.

«Жұлдыз Ақболат ханымның курсын алып отырмыз, тегін вебинар деді. Жарайды дедік. Ақыры ақша табу үшін жүрген адам болғандықтан. Біз сияқты қаншама адам жылап отыр» дейді қала тұрғыны Зарина Мәдібекова.