Жұлдыз Абдукаримованың қызын құттықтап салған фотосын халық сынап тастады (фото)
Әнші Қайрат Нұртастың жары желіге қызы Алауды туған күнімен құттықтап жазба жариялады. Алайда жазбадан бұрын, қызының фотосы елді қорқытса керек.
“Алау 15-те!
Наурыз айы біздің отбасымыз үшін өте берекелі әрі мерекелі ай. Нарұл мен Алауым дүниеге келген ай. Ұлыма айтқан тілекті қызыма айта алмаймын. Себебі барынша еркелеп, еркін өскенін қалаймын.
Мінезі де, түр-әлпеті де өзіме тартқан. Күлкісінен өзімді көрем. Тілерім тек бақ, бақыт. Өзі қалаған іспен айналысып, өз бағасын білсе болғаны», — деді актриса.
Оқырмандар бұл фотоға “неден қайтыс болыпты?”, “құптамаймын”, “суреттен қорқатындар көп екен” деп жарыса жазды.
Фото: инстаграм парақшасынан