Жұлдыз Әбдікәрімованың жүкті екені рас па?

0

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «бесінші баламды «көтердім»» деп, жаңалығымен бөлісті.  Бұл туралы Kznews.kz.kz медиа-порталы Жұлдыз Әбдікәрімованың желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен бұл жаңалықпен басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл-күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар…. Бірақ, бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Жарайды, хайырлысы… Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды!!! Мен #бесіншібаламды «көтердім». Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін. Себебі бір постқа сыймайтындай-ақ историясы бар…» — деді ол.

Ал, Жұлдыз Әбдікәрімованың оқырмандары оның расымен жүкті екеніне күмәнмен қарап отыр. «Біздікілер интриганы жақсы көреді емес пе?! Меніңше, бесінші балам деп кезекті жобасын, бизнесін айтып отыр», «Астарлап басқа нәрсені айтып тұрғандай» деген пікірлер жазуда.