Жұлдыз Әбдікәрімованың ісі бойынша сот отырысы өтті
Үйінен айырылған актриса Жұлдыз Абдукаримова алаяқтық ісі бойынша алғашқы сот отырысы өткенін мәлімдеді. Бірақ қарсы тарап жалған ақпарат ұсынып, жағдайды ушықтырған.
«Менің апелляцииялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін.
Үйге толық төлем жасалмады» деп айды аспаннан шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қосы паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар», – деді өнер иесі.
фото: өнер иесі