Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясының басшысына қылмыстық іс қозғалды

0

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясының басшысына қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылған болатын.

“Жәбірленуші ретінде Ж. Абдукаримова заңгерлердің көмегіне сүйеніп, пәтерін қайтарып алу мақсатында, аудандық, содан кейін қалалық сотқа жүгінеді. Екі соттың шешімі де жәбірленушінің пайдасына шешілмей, пәтер де, құрылыс компаниясы салып беруі тиіс болған коттедж де қайтарылмады. Екі соттың да барысында заңсыз әрекеттер орын алып, соттың талаптары орындалмады. Жауап беруші екі соттың да отырысына қатыспады. Жәбірленушінің келтірген дәлелдері сот тарапынан ескерусіз қалдырылды”, – деп хабарлады Астана қаласының соты.

Одан кейін TUMARGrandVillage құрылыс компаниясына алданып, үлкен соммадағы қаражатын қайтара алмай отырған жәбірленушілердің саны оннан асатын көрінеді.

“Бүгінгі таңда жәбірленушілердің топтық шағымдануымен құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республиканың азаматшасы, көпбалалы ана ретінде Ж. Абдукаримова басынан өткен заңсыз іс-әрекеттерге көпшіліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудартып, шындықтың орнайтынына үміттенеді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірген еді.