Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуінің «бірінші әйелімен» қалай араласатынын айтты
Жуырда ғана «Әлем ханымы – 2020» атанып, қазақтың көк туының асқақтауына себепші болған Жұлдыз Әбдікәрімова әзіл-қалжың аралас жазба бөлісті. Бұл жолы жазбасы отбасы жайында айтылған жалған мәліметтуралы болды.
Оқырмандардың бірі актрисаға «Қайраттың бірінші әйелімен араласасыз ба?» деп сауал жолдаған. «Иә, қол тигенде айнаға қарап сөйлесіп тұрамыз» деп жауап қайырды актриса оқырманға.
«Сұрақ-жауап өткізген сайын өзіміз туралы бір “жаңалық” естиміз әйтеуір. Сіздермен жиі сөйлесіп тұру керек екен. Бұл кешегі свежиииии сұрақ-жауаптан», — деп жазды актриса.
Желі қолданушылары сұрақ авторын мазақ етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қайраттың өзі Жұлдызға 19 жасында үйленсе, ал бірінші әйеліне неше жасында үйленген екен? Интересно! Жулдыз одна, единственная ғой! Как Жулдыз больше нет ни где!» деп жазды желі қолданушыларының бірі.