Жүктілігіне 7 ай: Түркістан облысында өгей әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінді 

0

Түркістан облысының тұрғыны кәмелет жасқа толмаған өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады.

Ведомство ақпарынша, 23 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған қыз ауруханаға барып, іші ауырғанын айтып шағымданады. Тексеру барысында жасөспірімнің жүктілігіне жеті ай болғаны анықталады.

Ақ халаттылар бұл жайында бірден Түлкібас ауданы полицейлерін хабардар етеді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120- бабы 4- бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша тіркелді. Ауыр қылмыс жасады деген күдікке қыздың өгей әкесі ілінді.

Қазіргі уақытта азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды. Ол өз кінәсін толығымен мойындаған. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталуда.

kaz.nur.kz