«Жүктілігін сақтап қалдық»: Маңғыстауда күйеуі пышақ жарақатын салған әйелдің жағдайы белгілі болды

0

Дәрігерлер Маңғыстауда күйеуі пышақ жарақатын салған жүкті әйелдің жағдайы туралы баяндады. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, зардап шеккен әйел есін жиып, емделіп жатыр.

“Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілігін сақтап қалдық, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды. Емдеу шаралары жалғасып жатыр”, – деп хабарлады медицина мекемеcінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Маңғыстауда ер адам көпшіліктің көзінше әйелін пышақтаған еді. Соққы жасаған кезде әйел жүкті болған