Жүкті екенін білмеген: Бүйрегінде тас бар екенін айтқан әйел ойда жоқта босанып қалды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
АҚШ-та тұратын Эллисон Опфер өзінің жүкті екенін толғақ қысқан кезде бір-ақ білген. Ол бүйрегінде тас бар екенін айтып, сол үшін ауруханаға келген екен. Сөйтсе, жүкті болып шығыпты.
Бұл туралы Fox News порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әйелдің аяқ астынан іші ауырғандықтан, ол жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның бүйрегінде тас бар деп топшылапты. Олар 22 жастағы әйелді ауруханаға алып барып, ультрадыбыстық тексеруге жіберген. Алайда оның бүйрегінен тас табылмады. Есесіне дәрігерлер әйелдің жүкті екенін анықтады. Пациенттің іші толғақ басталғандықтан ауырған екен.
Мұнан кейін Опфердің қан қысымы көтеріліп кетіпті. Дәрігерлер оны кесір тілігін жасатуға жіберген.
«Дәрігерлер егер жедел жәрдемді сәл де болса кеш шақырғанымда, мен де, перзентім де өліп қалатынымызды айтты», — дейді әйел.
Арада жарты сағат өткеннен кейін Оливер есімді ұл бала дүниеге келді.
Опфер жүкті екенін білмеген. Бұған дейін оның етеккірі тұрақты түрде келмеген екен және дұрыс тамақтанбағандықтан, көп отырғандықтан артық салмақ қосып алған. Тіпті, ол бірде жүктілікті анықтау тестін жасап көріпті. Алайда ол теріс нәтиже көрсеткен.
Ал дәрігер Кайрин Данстон мұндай жағдай сирек болмайтынын жеткізді.
«Барлығы денедегі сүйектердің құрылымына байланысты. Жамбас пен кеуде қуысының пішіні өзгеше болып, жатыр үлкейсе де, байқалмауы мүмкін», — дейді дәрігер.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz