жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты

0
42

Түрмеде сотталған адамдарға туыстарымен кездесуге тыйым салынды. Алайда телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданының бас санитар дәрігері ЛА-155/4 түзеу мекемесінде карантин режимін алып тастауға рұқсат берді, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Айта кетейік, бұған дейін осы түрмеде отырған бір жүкті әйел коронавирусқа бірнеше рет сынама тапсырған болатын. Себебі оның қаралып жүрген аудандық ауруханасынан COVID-19 анықталып, карантинге жабылған. Оған қоса, келіншек босануға дайындалып жүрді. Сол кезде сынама оң нәтиже көрсетті.

«Кеше ол әйел екінші рет коронавирусқа тексерілді. Сынама теріс нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, онымен байланыста болған 67 сотталған адам мен мекеме қызметкерінен сынама алынды. Олар да вирус жұқтырмаған», – делінген ресми хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемесінде санитарлық шаралар қолға алынды. Түрмелерде күніне екі рет дезинфекциялық тазарту жасалады. Мекеме қызметкерлері мен сотталғандар бетперді киіп жүреді. Антисептикалық құралдар пайдаланады. Сотталғандардың иммунитетін күшейту үшін тамақ көбірек беріледі. Тағамдарға С дәруменін көп қосады.

Тағы оқыңыз: Алматыда перзентхана уақытша карантинге жабылды

Түрмеде сотталған адамдарға туған-туыстармен кездесуге тыйым салынды. Алайда телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесуге болады. Сәлем-сауқат пен бандерольді шектеусіз қабылдай береді.



sputniknews.kz