Жүйткіген көлік темірбетон қоршауға соғылды
Қысқа сілтеме алу
Жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші сот-медициналық тексеруден өткізілмек
НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Nissan Primera көлігінің жүргізушісі Алматы-Қорғас тас жолында төлем қабылдау терминалынан жүйткіп өтіп, темірбетон қоршауға соғылып қалды.
Алтыншы қараша күнгі апаттың бейнежазбасын Қазавтожол баспасөз қызметі жариялады.
«Отыз жастағы ер адам Алматы-Қорғас ақылы тас жолында көлікті басқара алмай қалған. Ол төлем қабылдау пунктінен өтіп барып, темірбетон қоршауға соғылған. Бір жақсысы, жүргізуші машинада жалғыз болған, ешкім зардап шеккен жоқ, өзі де аман», — дейді Қазавтожол.
Полиция қызметкерлері ер адамды сот-медициналық тексеруге жіберіп, автокөлікті айыппұл тұрағына қойды.
Тағы оқыңыз: Студенттің аяғы жұлынып кеткен: полиция жол апатына қатысты түсініктеме берді
sputniknews.kz