Жұбайымен қызыл кілемде қол ұстасып жүрген Дана Нұржігіт елді сүйсінтті (видео)

0

Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт желіге ерекше видео жүктеп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі жұбайымен бірге қызыл кілемнен қол ұстасып өткен.

Журналистің Әлім есімді кішкентай ұлы балаларға арналған «Kazakhstan Kids Fashion Show 2018» көрсетіліміне қатысқан.

Баласының сән әлеміне жасаған алғашқы қадамына қолдау көрсетуге келген Дана Нұржігіт шараға жұбайы Мұратты да ерте келіпті.

Ерлі-зайыптылар құрметті қонақтарға арналған қызыл кілем үстімен салтанатты түрде жүріп өтіп, көптің көзіне түскен.

Бұл сәтті Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен тележүргізуші оқырмандарының ыстық ықыласына ие болды.