ЖҚС бөлшектік желілері. Қазіргі жағдай мен келешегі

0

Қазақстандық мұнай нарығының сарапшысы Ерлан Жаукин елдегі жанармай құю станцияларының жағдай туралы пікірін айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазады.

Қалалардың дамуы, жаңа экожүйелердің құрылуы, өмір сүру қарқынының өсуі адамның өміріне, жасына, әлеуметтік жағдайына және табыс деңгейіне қарамастан әрбір салаға өзгерістер алып келеді.

Мегаполистердің сәулетінің өзгеруі, көркеюі, тұрғындардың өмірін жақсарту жаңа шешімдерді талап етеді.

Бүгінде жанармай құю бекеті қандай орын?

Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтар ЖҚС-ға көлігіне бензин құйып, тезірек жолға шығу үшін баратын. Ал қазір жағдай мүлдем өзгерген.

Енді мұнда адамдар кездесіп, кофе ішіп, азық-түлік те сатып алатын болды… Өмір сүру қарнына байланысты ЖҚС көрсететін қызметтің аясы да кеңейіп жатыр.

Әлемде жанармай құю станцияларының сервисі кеңейіп жатыр, сапалы қызмет көрсету үшін салаға сапалы инвестиция құю керек.

«Қазақстанда бөлшек сатушы мемлекеттік органдар мен қоғамдық пікірдің қысымында қалып отыр. Қоғам пікірі «мұнай өндіретін елде жанармай арзан болуы керек» дегенге саяды.

Мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі процестер және жеке бизнесті кеңейту мүмкіндігінің болмауынан, Қазақстанда мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату іс жүзінде дамымай отыр.

Еліміздегі көптеген бөлшек сауда операторы пайданы сақтап қалу үшін әртүрлі амалдарға барады, бензин сапасының нашар болуы немесе оны толық құймауы сияқтылар осыдан шығады.

Бүгінде мұнай өңдеу зауытындағы (МӨЗ) АИ-92 маркалы бензиннің көтерме бағасы мен жанармай құю станциясындағы (ЖҚС) бөлшек сауда бағасы арасындағы айырмашылық шамамен 1 литр үшін 26 теңге:

  • МӨЗ-де АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі – 145,3 теңге (орташа сату бағасы);
  • Қазақстанда АИ-92 бензинінің 1 литрі – 171 теңге (орташа бөлшек сауда бағасы).

Зауыттағы көтерме баға мен ЖҚС-дағы бензин бағасы арасындағы айырмашылық шамамен 17%.

Мұнай базасында бензинді сақтау бойынша теміржолдағы шығыс мен қызмет көрсету литріне 10 теңге. Қалған 16 теңгені бөлшек сатушы мұнай базасының автоқұю эстакадасы мен автомобиль багы арасындағы барлық шығысқа сыйдыруы қажет: бұл жанармай құю бекеттеріне бензин жеткізу, жанармай құю бекетіндегі қызметкерлердің жалақысы, жанармай құю бекеттерін жөндеу, коммуналдық төлемдер, зайымды қайтару, салық және тағы басқа. Мұның барлығы 16 теңгеге кіріп отыр.

Жоғарыдағы бөлшек сауда шығынын есептегенде, еліміздегі жанармай құю станциялары 1 литр бензиннен 1,5-2 теңге немесе шамамен 1% пайда тауып отыр.

Сондай-ақ сауда орталығы, базар немесе үйдің маңындағы дүкендегі үстеме баға 10-15% екенін білеміз. Ал көптеген көрші елдерде зауыттағы көтерме сауда мен ЖҚС арасындағы баға айырмашылығы – 30%. Яғни қазіргі жанармай құю станциясындағы АИ-92 бензинінің 1 литрі – 185-188 теңге немесе ЖҚС бөлшек бизнестегі маржиналдылық – 10%.

2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ нарық құру мәселесіне мән беру керек.

Осы кезеңде Ресейдің ірі бөлшек отын сатушыларымен бәсекелес артуы мүмкін. Қазір олар өз ЖҚС-ларында еуропалық деңгейде қызмет көрсетіп отыр.

Бүгіннен қазақстандық бөлшек отын ритейлін қолдау тетіктерін әзірлеу, оны трансформациялау және бәсекеге қабілеттілікті арттыру керек.

Бөлшек отын ритейлін дамыту, ЖҚС ұсынатын сервис пен қызметтердің сапасын арттыру үшін бөлшек ритейлдің өзге түрлерінің табыстылығымен салыстырылатын маржиналдылықтың жеткілікті деңгейі болуы керек.