«Жөтелді арақ буымен емдеуге болады — дәрігерлер»

0
424

Telegram қолданушылары арақпен тыныс алу жолы көрсетілген видео нұсқаулықты таратуда. Ролик кейіпкерінің айтуынша, ол осылайша жөтелден құтылған. COVID-19 жұқтырғанда да осы әдісті қолдану ұсынылады. Емдеудің бұл жолы денсаулық үшін пайдалы ма, зиян ба? Бұл мәселені StopFake.kz пульмонолог Елена Мирзомен талқылады.

Видеода автор түтігі бар пластик бөтелке арқылы арақпен арақпен алып жатқандығын көрсетеді. Бұл құрылғы — «бульбулятор» деп аталады. Оның айтуынша, жақын адамдарының бәрінде осындай құрылғы бар және сол арқылы олар жөтелді емдеген.

Айта кетейік, бұған дейін осы жолмен коронавирусты емдеуді орыс тектес италиялық дәрігер де ұсынған болатын. Ол COVID-19 жұқтырған соң арақ буымен ингаляция жасау арқылы тез емделіп шыққанын айтқан. Бұл ұсыныстарды әртүрлі елдердің дәрігерлері, соның ішінде жоғары санаттағы танымал педиатр Евгений Комаровский де жоққа шығарды. 

2020 жылғы көктемде жарияланған видео Youtube-тан өшірілді. Бірақ бұл идеины ұстанушылар жаңа видеолар түсіріп, әлеуметтік желілерде таратуда.

12 жылдық тәжірибесі бар пульмонолог Елена Мирзоның пікірінше, «арақпен ингаляция» жасау ем болмайды және зиян келтіруі мүмкін.

«Арақпен тыныс алуға болмайды. Спирт буының бронхтың шырышты қабығына тигізер әсері туралы клиникалық зерттеулер көп. Алкогольдің әсері бронх демікпесін асқындырып жібереді. Спирт буы тыныс алу жолдарының реактивтілігінің қоздырғышы болып табылады, бронхоспазм дамуы мүмкін. Ешкім де бұлай емделе алмайды — сау адамдар да, науқастар да, тыныс алу жүйесінің патологиясы бар адамдар да», — дейді Елена Мирзо.

Видео астынан жазылған пікірлерде осы әдісті қолданушылардың бірі: «спирт немесе арақ буы өкпедегі көбікті басады. Тексергісі келгендер химиялық пневмонитті қалай емдейді деген ақпаратты іздеңіздер» деп жазған.

Дәрігердің айтуынша, өкпе ісінуі кезінде көбік пайда болғанда спирт қолданылаты рас, бірақ бұл реанимация жағдайында арнайы жабдықтың көмегімен жасалады.

«Өкпе ісінуі – көктамырлық гипертензия және альвеолярлы өкпе исінуі дамитын жіті солқарыншалық жеткіліксіздігі. Мұндай пациенттерде — атты ентігу, ысылдау, көбіктенетін қақырық сияниеқты белгілер болады — бұл ауыр жағдай және шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді. Оксигенотерапия және ӨЖЖ кезінде көбіктенуді азайту үшін тұрақты түрде оттегі бере отырып, ингаляциялық түрде этил спирті (30%) қолданылады. Мұның барлығы реанимация бөлімшесінде гемодинамиканы бақылай отырып, медицина қызметкерлерінің тәулік бойғы бақылауымен жүзеге асырылады. Үй жағдайында олай істеуге болмайды», — дейді Қарағанды ​​медицина университеті клиникасының дәрігері Елена Мирзо.

Дәрігерлердің атап өтуінше, үйде арақпен ингаляция жасау коронавирустың алдын алуда да көмектеспейді. Бұл ретте қарапайым гигиена сақтау ережелері пайдалы – қолды жиі жуу, маска тағу және ара қашықтықты сақтау.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету