Жөндеу жұмысы керек: Желіде Ақорда қасбетінің құлаған суреті жарияланды
Тіпті мұны құрылысшылардың тапшылығымен байланыстырып әзілдейді, деп хабарлайды ЭК.
«Жалпы, елімізде адал жұмысшы табу қиын. Оған жақында мен пәтеріме жөндеу жұмыстарын жүргізгенде куә болдым. Соның ішінде елордада сапалы әрі жауапкершілігі бар жұмысшы немесе бригаданы табу іс жүзінде мүмкін емес. Тіпті бұл мәселені кең ауқымда қарауға болады. Бүгін велошеруде оған көзім жетті» — деп жазған жазған Азамат Ерғали өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ автор жазбамен қоса Ақорданың қасбетіндегі кіріпші түскен тұсын белгіліп, суретін қоса жүктеген.
«Оралдағы құрылыс алаңдарында жұмысшы жоқ екенін айтып, барлық құрылыс компанияларының басшылары шағымданады».
«Енді мұны неше күнде қалпына келтіреді екен?»
Осылай деп жазбаға пікір қалдырғандар бірі әзілмен түйресе, енді бірі шынымен дұрыс жұмысшының жоқтығын айтты.