«Жомарт, тоқта!» Күйеу жігіт қалыңдықты жол бойына тастап кетті – видео
Қысқа сілтеме алу
Күйеу жігіт алды-артына қарамай той кортежімен кетіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір — Sputnik. Той күні күйеу жігіт пен қалыңдықтың жанжалдасып қалғаны жайлы роликті интернетте миллиондаған адам көріп үлгерді.
Видеодан көліктен түсіп, «басы ауған жаққа»кетіп бара жатқан қалыңдықты күйеу жігіт райынан қайтаруға әрекеттеніп жатқанын көруге болады. Алайда қатты ашуланған қыз жігіттің «адамдар қарап тұр деймін, ата-анаңды ойласайшы, жүр» деген сөзіне құлақ аспайды. Ақыр соңында қолындағы гүлмен бір ұрып, кетіп қалады. Жігіттің де төзімі таусылса керек, «кетсең кете бер» деп қалыңдығын жол ортасына қалдырып кері қайтады. Дегенмен бойжеткен бұлай болады деп күтпесе керек, «Жомарт, Жомарт тоқта!» деп жанұшыра айғайлап, жігіттің артынан жүреді. Бірақ күйеу жігіт алды-артына қарамай той кортежімен кетіп қалған. Соңында не болғанын видеодан көріңіз.
sputniknews.kz