​Жолы болғыш және сәтсіздікке көп ұшырайтын жұлдызнама белгілері

0

​Жолы болғыш және сәтсіздікке көп ұшырайтын жұлдызнама белгілері

Жұлдызнама белгілерінің қайсысын жолы болғыш санатына, ал қайсыбірін сәтсіз етіп тануға болады? Біле отырайық.

Жолы болғыштық – ерекше қасиет. Жағдайдың сәтті болуы сізді әп сәтте байлыққа кенелтуі мүмкін, ал қиын кездері тағдыр тәлкегіне ұшыратуы да ғажап емес. Алайда арамызда үнемі жолы болып, бағы жанып жүретіндер ұшырасып жатады, оларды халық арасында «бармақтай бағы бар» десе, сәтсіздікке жиі ұшырайтындарды «бақытсызға» теңейді. 

Жолы болғыш жұлдызнамалар

Мерген

Мергендер – жан-жақты әрі қызығушылығы жоғары тұлғалар. Дәл осы қасиетінің арқасында олар әрдайым керек кезде қажетті жерде жүреді. Мергеннің қасында жүретін кез келген адамның оның жолы болғыштығын айтып жүреді.

Айта кетерлігі, мергеннің жолы болғыштығы оның көңіл-күйіне тікелей байланысты. Бұл еш қиындыққа мойымайтын, батыл жан. Мергендер өз-өзіне сенімділік болған сайын сәттіліктің көп болатындығын түйсігі сезеді.

Сарышаян

Сарышаянды жақсы танитын адамдар бұл жұлдызнама өкілдеріне жолы болғыштықтың әсте керегі жоқ екендігін алға тартады. Олар бәріне жеңіл түрде қол жеткізеді, ойлаған нәрсесі лезде бола қояды. Бұл қалай болғаны?

Бәлкім бұл жұлдызнама өкілдерінің мінезіне тікелей байланысты болар. Сарышаян айналасындағы адамдарға билік жүргізуге қабілетті және де осындай таңғажайып құбылыстар сарышаяндармен үнемі болады.

Егіздер

Бұл жұлдызнама өкілдерін жолы болғыш адамдар санатына жатқызуға әбден болады, өйткені олардың түйсігі жақсы дамыған. Олар қауіпті терең түйсініп, тәуекелді сезе біледі. Сондықтан да өзгелерге қарағанда үнемі жолы болғыш көрінеді, жүрісі жеңіл.

Бұл жолы болғыш сәттілікке оның мінезі де әсер етеді. Бұлар айналасына көз жеткізбейінше, бір қадам  баспайтын сақ жандар. Сондықтан да бәрі құрдымға кетіп жатқанда, егіздер қалып жатса, таң қалмассыз.

Балықтар

Көпшілік балықтарды әлсіз әрі қорғансыз көреді. Десе де, өмірде олар байлық пен бақ дари қоятын нағыз жолы болғыш адамдар. Мінезі сондай күшті болмаса да, олар бұған қалай қол жеткізіп жүр?

Балықтар — нағыз өтірікшілер. Олардың әртістік қабілетінің дамығаны соншалықты, кез келген рөлді сомдай алады. Балықтардың сезімталдығы да жоғары деңгейде дамыған. Олар қоршаған ортаның көңіл-күйін сезіп, кейбірі ойды оқуға да қабілетті. Осы қасиетін айналасын қоршаған адамдар жолы болғыштыққа балап жатады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарды дәстүрлі емес ойлау ерекшелей түседі. Басқа белгілер секілді бұл белгілер өмірді қабылдамайды, басқаша ойлайды. Оқиғалардан да суқұйғыштар басқалай әсер алады. Осы қабілетінің арқасында жолы болып жүреді.

Өзгелер елең-алаңға түскенде, саспайтын батыл адамдар ретінде суқұйғыштарды көп адам танып жатады. Бар болғаны суқұйғыштар кез келген жағдайда өзін жоғалтпайды, күшті неге жұмсау керектігін де біледі. Есесіне өзгелердің миы жете бермейтін істерді қолына алады. Бұл қолынан келетіндігін олар сезеді. Ал бұл орындалып жатса, әрине, қоршаған орта жолы болғыш деп ойлайды.

Жолы кейде болып, кейде тарылатын жұлдызнамалар

Тоқты

Бұл жұлдызнама өкілдері ойламай қадам жасай салуға әзір келеді. Қиындыққа тап болып, жанталасып, күресе кетеді. Көбіне-көп мұндай артын ойламаған істің салдары жеңіліске әкеп соғады. Десе де көбіне тоқтының жолы болып, әр қадамын аңдып басқан жандардан оқ бойы озық келіп жатады. Көптеген салада тоқтылар алдыңғы қатардан көріне біледі. Осы себепті де оларды     жолы болғыш адамдар санатына жатқызуы мүмкін.

Арыстан

Табыс арыстан жұлдызнама өкілдерінің маңдайына жазылып қойғандай. Оның ерекшелігі мен маңғаздығы айналасындағыларды өзіне тарта түседі. Бәрі де арыстанның алдында құрдай жорғалайды. Сондықтан да мұндай жұлдызнама өкілінің жолы болмауы мүмкін емес.

Ендеше әлемдегі ең жолы болғыш адам ретінде көріну үшін арыстан жұлдызнама өкілдеріне не кедергі келтіруде? Бұл, әрине, олардың мінезінде жатыр. Ол айналаның бәрі өзіне қарыз деп ойлайды, есептейді, өз пайдасын ойлап жүреді. Сол себепті де пайдалы әрі қызықты мүмкіндіктерде санын соғып қалатыны бар.

Таразы

Үнемі ауытқып тұратын мінезіне қарап таразы жұлдызнама өкілдерін сәтті не сәтсіз жұлдызнамалар деп бөлуге келмес. Өзінің жайбасарлығынан таразы өмірде көптеген мүмкіндіктерін жіберіп алады, сәйкесінше Тоқты мен Егіздердің алдында жүреді.

Алайда таразының сезімталдығын сөз етпесе болмас. Бұл тұлғалар алдын болжағыш адамдар, өткір нәрселерден аулақ жүреді. Табиғатынан дарыған бұл қасиетіне қарап көпшілік таразыны жолы болғыштардың қатарына жатқызады.

Сәтсіздікке көбірек ұшырайтын жұлдызнама белгілері

Торпақ

Торпақтарды жолы болмайтын жандардың бірі ретінде қарастырады. Бәрі басқалай екені  рас, десе де торпақтар осылай бәрін кері бұрмалағанды жаны сүйеді. Бұл жұлдызнама өкілдерінің әлеуеті зор. Олар өзін-өзі дамыта алады, тәуелсіз, бәріне өзі қол жеткізіп үйренген, ерекше ыждағатшыл адамдар. Десе де торпақтардың бірең сараңы ғана өз мақсатына өмірде қол жеткізеді.

Оларға үнемі бір нәрсе жетіспей тұрады, қорқыныш, үрейдің жоқтығы, шешімді тез қабылдауы, тағы басқалары. Бар болғаны бұл адамдарға жамандық туралы бір сәт ұмыту керек.

Бикеш

Торпаққа қатысты жағдай бикешке де тікелей байланысты. Бұл жұлдызнама өкілдері өмірді сыни түрде қабылдайды, жолы болған сәтте де кері тарту әсерінен шыға алмай қалады. Өмірге деген осындай қарым-қатынастың әсерінен бақытты болу мүмкін бе?

Бикештердің әлеуеті өте жоғары. Есеп-қисапқа жақсы, сондықтан бұл ақылын жүрген жерінде пайдаланып жүреді. Өзгеге сенбейді. Жақсы жолды түйсігі сезіп, таңдап тұрса да, сенімсіздікпен қарайтын жандар. Сол себепті де мұндай кездері жолы болғыштық туралы әңгіме айтқан орынсыз болар.

Тауешкі

Қалай айтсаң да, адамның жолы болғыштығы оның мінезіне де байланысты болып келеді. Бұл мәселеде тауешкілерге үнемі жол ашыла бермейтіні және бар. Бұл адамдар да оқыс жолы болғыштыққа еш сенбейді. Олар тағдырдың алдамшы екенін біледі, сондықтан тек қана өз күшіне сенеді.

Өз күшіңе сену кей кездері таңғажайып құбылыстарды тудыратыны анық. Тауешкінің әлеуеті тым жоғары, ол өзінің өмір жолын сәтті етуге де қабілетті.

Шаян

Жұлдызнамалардың ішінде шаяндарды  жолы болмайтындар қатарына жатқызуға болады. Бұлар — өзінің інінде қорқып жата беретін жандар. Бар болғаны, оларға назар аударыңыз. Оларға үнемі жаңа жұмыс туралы ақпараттар түсіп, жаңа таныстықтар кезігіп жатады. Алайда шаяндардың әр нәрсеге күдікпен қарауы олардың бас сұғып, жата беруіне әкеледі, осылай бақытқа барар жол алыстай түседі.

Негізінде басқа жұлдызнама өкілдеріне қарағанда, шаяндардың артық та, кем де сәтсіздіктері болмайды. Олардың тыныштанып, жаман ойдан арылуы керек, өзіне сенім артуы қажет, сол кезде бақыт жолы ашыла түседі.

Дереккөз: Клубер

Дереккөз: http://reactor.inform.kz