Жолдауда берілген тапсырмалар Жамбыл облысында толық орындалып жатыр

0

Халық табысының өсуіне қатысты, келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын Жамбыл облысындағы 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз-маслихаты өтті. Баспасөз-маслихатына Жамбыл облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы қатысты. Журналистермен кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, Елбасы Жолдауындағы алты басым бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің толғандырған сұрақтарына жауап берді деп жазады zakon.kz.

Халық табысының өсуіне қатысты, келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын Жамбыл облысындағы 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр. Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар («Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, Завод «Металконструкций и резервуаров» ЖШС, «Алтыналмас»АҚ) бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр.

Биыл шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд. теңге бөлініп, жалпы сомма 6,3 млрд. теңгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржының көлемін 7,5 – 8,0 млрд. теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Асқар Исабекұлының айтуынша қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда. Ал агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды.

Бүгінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады. Бұдан бөлек, құны 21,6 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама қолдау тапты.

Балабақша мен мектепте тәрбие, білім сапасын көтеру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқыту әдісі мен жүйесі 40 орта мектепке бірыңғай стандарт ретінде енгізілді. Өткен жылы облыста 45 мектеп жаратылыс пәндерін ағылшын тілінде оқытса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пәнді ағылшын тілінде оқыта бастады.

Биыл педагогтарды ұлттық біліктілік сынағынан өткізу нәтижесінде, 1 қыркүйектен бастап, облыстың 2 мыңнан астам мұғалімінің жалақысына 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы төленуде. Бұдан бөлек, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%)мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді.

Жолдауға сәйкес медициналық қызмет сапасын және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін облыста 95 алғашқы-медициналық көмек нысанын салу қажет. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 31 нысанды, бюджет есебінен 9 нысан пайдалануға беру жоспарлануда. 2019 жылы 68 нысан салынбақ.

Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды.

Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, а.ж. 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы — 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады.

Сондай-ақ облыста 2022 жылға қарай жағдайы жақсы жергілікті жолдар үлесін 90%-ға жеткізуді жоспарланып отыр.

Өңірдегі өнеркәсіп саласына келетін болсақ, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 285,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Нақты көлем индексі – 105,1%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 189,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 104,2% құрады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтар-тамызында 286,7 млн. АҚШ долларын, бөлшек сауда айналымының көлемі 194,9 млрд. теңгені құраған. Ал, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 168,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,4%-ға ұлғайды. бюджетке 62,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түскен, — деді Асқар Мырзахметов.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!