Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды – фото
Қысқа сілтеме алу
28 қаңтар күні Қарағанды жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 26 жол апаты тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның өңірлерінде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Теміртау-Қарағанды жолында полицейлер 40-қа тарта адамды бораннан құтқарды, деп жазды Polisia.kz.
Теміртау жақтан 12 көлік жолда тұрып қалды. Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Дамир Құдайберген мен Рысқали Жазықбаев барлық адамды шағын автобуспен 8-10 адамнан эвакуациялап, оларды кері қайтарды. Көліктер әзірге тасжолда қалды.
Полицейлердің фотосынан көріп отырғаныңыздай, жолдың көрінуі нашарлап, ауа температурасы төмендеген.
©
Photo : Polisia.kz
Теміртау-Қарағанды жолында 40-қа тарта адам құтқарылды
Қарағанды жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 28 қаңтар күні таңғы сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін 26 жол апаты тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қайғылы жағдайлардың алдын алу және шығынды барынша азайту мақсатында 43 жолды жабу бекеті орнатылды, 130-дан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Қарағанды облыстық полиция департаменті тұрғындардан ауа райы нашарлағанда қаладан шықпауды сұрайды.
sputniknews.kz