жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Қысқа сілтеме алу
Қоғамдық көліктің тежегіші істемей қалған болуы мүмкін
АЛМАТЫ, 28 маусым — Sputnik. Алматыда қалалық №44 бағдарлы автобусы жол шетінде тұрған көлікті қатты жылдамдықпен қағып, ірі жол апатына себепші болды.
Жол апаты 15.30 кезінде Жандосов көшесі бойында болған.
©
Sputnik / Стрингер.
Автобус жол шетінде тұрған Тoyota RAV 4 көлігіне соғылды
Көптеген куәгердің сөзіне сүйенсек, бағдарлы автобус Жандосов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқанда, жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған Toyota RAV 4 көлігіне бар жылдамдықпен соғылды.
©
Sputnik / Стрингер.
Тoyota RAV 4 бордюрге шығып кетті
Қатты соққыдан шетел көлігі бордюрге шығып кетіп, тұрақта тұрған Toyota Camry көлігінің артына соғылады, ал Toyota өз алдында тұрған Subaru Forester автомобилін қағады. Subaru батыс бағытта кетіп бара жатқан Hunday машинасына соғылды.
©
Sputnik / Стрингер.
Жол апатынан автобус жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды
Жол апаты салдарынан автобус және көліктердің бірінің жолаушылары жеңіл-желпі жарақат алды. Оқиға орнында дәрігерлер бәрін қарап шықты, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Қатты зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.
©
Sputnik / Стрингер.
Автобустың тежегіші істемей қалған болуы мүмкін
Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды. Болжамдардың біріне сәйкес, автобустың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.
sputniknews.kz