Жолаушы Үшаралдың орнына Үржарға ұшып кеткен – оқиға қалай болды

0
194

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Южное небо» әуе компаниясының қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолданылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыны қателесіп Үшаралдың орнына Үржарға отырғызып жіберген. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға «Южное небо» әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

Оқиға екінші шілдеде болған, дегенмен ол жайында енді ғана белгілі болды. Қазақстандықты рейске елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері шығарып салған.

«Үшарал мен Үржар қаласына ұшатын ұшақтардың тұрағы бір-біріне жақын орналасуына байланысты әуежай қызметкері тұрақты шатастырып, жолаушыны Үржарға баратын рейске отырғызып жіберген», — деп хабарлады «Южное небо» әуе компаниясы.

Жолаушыны қабылдаған «Южное небо» компаниясының қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолданылады.

«Үржар қаласына келгеннен кейін жолаушыға Үшарал қаласына дейін дәрігердің бақылауымен трансфер ұсынылды. «Южное небо» Сабырбаева ханымнан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деп атап өтті әуе компаниясы.

Тағы оқыңыз: Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

Үшарал – Алматы облысының Алакөл ауданының орталығы. Үржар – Үржар ауданының әкімшілік орталығы және Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылдық округі. Елді мекендер арасындағы қашықтық – шамамен 200 километр.

«Южное небо» әуе компаниясы 2014 жылы құрылды. Бас кеңсесі Шымкент әуежайында орналасқан.



sputniknews.kz