«Жол парасы»: Жетісу облысында жоғары лауазымды қызметкерлер ұсталды
Антикор Жергілікті ЖШС шенеунігі мен басшыларын ұстады.
«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы қамауға алынды. Ол пара алды деп күдіктелуде. Сондай-ақ, «Марлен-А» ЖШС құрылтайшысы және Компанияның атқарушы директоры қамауға алынды. Олар Ақсу ауданы Матай және Жансүгіров ауылдарында автомобиль жолдарын жөндеумен айналысты», — делінген хабарламада.
Тергеу деректері бойынша пара жол объектілері бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін берілген.
Фото: gov.kz