Жол ережесін бұзған жүргізушіден есірткі табылды

0
4

Екінші қыркүйек күні патрульдік полиция  қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қазалы ауданы тұсында жол ережесін бұзған автокөлікті тоқтатты.

Автокөлік жүргізушісі 33 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында ереже бұзған жүргізушіден қағазға оралған есірткі алынды.

Бүгінгі күні күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

egemen.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз