Домой Жаңалықтар Жол бойында кесілген ағаштар: “Шин-Лайн” компаниясы мәлімдеме жасады

Жол бойында кесілген ағаштар: “Шин-Лайн” компаниясы мәлімдеме жасады

0
280

“Шин-Лайн” компаниясының заң департаментінің ресми мәлімдемесі

Алматы-Жетіген тас жолы бойындағы қоғамдық аумақта ағаштарды рұқсатсыз кесуге қатысты айыптаулар негізсіз, бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сайтқа «Алматы облысында ірі кәсіпорын тас жол бойындағы орманды отап тастаған» деген тақырыппен материал жарияланған болатын.

«Автордың мәтінінде компанияға тағылған айыптарды растайтын құжаттар жоқ, автотрасса бойындағы аумақты абаттандыру жобасын іске асыру аясында ескі ағаштарды жаңасына ауыстыру бойынша қолда бар фактілерге еркін түсінік беру болып табылады.

Автотрасса бойындағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге қатысты ескі ағаштарды ауыстыру «Шин-Лайн» компаниясының объектілері, оның өндірістік цехтары, қойма үй-жайлары мен әкімшілік үй-жайлары меншік құқығында орналасқан жол бойындағы қоғамдық аумақ учаскесін және өнеркәсіптік аймақты абаттандыру жөніндегі жобаның бір бөлігі болып табылатынын хабарлаймыз. Жоба Алматы облысының және Іле ауданының әкімдіктерімен бірлесіп іске асырылады және барлық қажетті рұқсат құжаттары бар.

«Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Рұқсаты KZ43VLQ00009799 21.04.2021 ж.

Өтемдік ағаш отырғызу 43,5071220 бойлық және 77,0284120 ендік координаттары бар Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылында орналасқан жалпы ауданы 3000 м2 топырақты жол ауданындағы жер учаскесінде жүзеге асырылды. Өтемдік ағаш отырғызу орны «Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік Мекемесімен бекітілді. Өтемдік ағаш отырғызу 15.04.2021 ж. №9 «Шин-Лайн» ЖШС келісім-шарты негізінде 12.05.2021 жылы «SK EcoLife» ЖШС компаниясымен жүзеге асырылды.

Оған қоса,120-дан астам ағаш 2021 жылдың соңына дейін «Шин-Лайн» ЖШС құрылыс учаскесіне іргелес аумақта отырғызылады. «Шин-Лайн» ЖШС жобасында сәндік, қылқан жапырақты көшеттер отырғызу қарастырылған.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорынның ауқымды құрылысын жүргізу аясында «Шин-Лайн» компаниясы республикада алғашқылардың бірі болып бүкіл іргелес ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту үшін және бүкіл қоғамның мүддесі үшін өз аумақтарын ғана емес, одан тыс жерлерді де абаттандыруды бастады.

Компания жаңа өндірістік кешеннің іргелес аумағын дамыту өзінің әлеуметтік миссиясы деп көреді және қазіргі уақытта оны абаттандырумен, оның ішінде көгалдандырумен белсенді айналысады, бұл туралы бұрын компанияның ресми ресурстарында айтылған.

https://www.shin-line.com/ru/news/shin-lajn-sdelaet-zelyonym-ne-tolko-svoj-novyj-proizvodstvennyj-kompleks-no-i-vsyu-prilegayushhuyu-territoriyu/

Осылайша, «Шин-Лайн» компаниясының заң департаменті осы публикацияда жасалған тұжырымдарды бұрыс және шындыққа сәйкес келмейді деп санайды, ал бұл материал компания туралы жалған ақпаратты көпшілікке тарату болып табылады, оның іскерлік беделіне және өндірілген өнімді сатуға нұқсан келтіреді.

Осыған байланысты біз автордан сол интернет-ресурстың беттерінде жалған ақпаратты жария түрде теріске шығаруды талап етеміз. Олай болмаған жағдайда, «Шин-Лайн» компаниясының заң департаменті өзінің заңды мүдделерін қорғау және келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті шараларды қабылдау құқығын өзіне қалдырады» дейді компания өкілдері.

KzNews.kz