Жол апатынан қаза тапқан полицейлер «Айбын» орденімен марапатталады

0

Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жантүршігерлік апаттан қаза тапқан полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкеннің жаназасы шығарылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаза болғандардың рухына тағзым етіп, жақындарына қолдау білдіру үшін облыстық полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, әріптестері мен достары келді.

Көңіл айту жеделхатын ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жолдады.

Олар қаза болған қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетініне сендірді.

Полицейлерді жерлеу рәсімі туған ауылдарында өтті. Арыстанбаевтікі – Меркен ауданында, Әбішкендікі – Талас ауданында.

«Қаза болған қызметкерлерге «Айбын» ордені тапсырылады», – деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі патруль болғанын жаздық. Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның «Skoda Octavia» патрульдік көлігімен соқтығысқан. Қаза тапқан полицейдің бірі туралы деректер пайда болды, оның 11 баланың әкесі екені айтылды.