Жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева палатаға ауыстырылды
Жол апатынан Mitsubishi Galant көлігінде болған үш адам, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы және Mitsubishi Galant жүргізушісі көз жұмды.
Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мəлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Айзада Сатыбалдиеваның жағдайын дәрігерлер тұрақты, бірақ ауыр деп бағалап отыр. Ол Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды. Ол есін жиды», — деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кету керек, жол апаты 29 желтоқсанда болды. Сейфуллин мен Абай көшелерінің қиылысында Mitsubishi Galant пен «Mercedes Benz G-55» көліктері соқтығысқан.
Жол апатынан Mitsubishi Galant көлігінде болған үш адам, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы және Mitsubishi Galant жүргізушісі көз жұмды.
Ал, көлікте болған М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы және тележүргізуші Айзада Сатыбалдиева алты қабырғасы сынып, аса ауыр халде Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген еді.
Жол апатына кінәлі «Mercedes Benz G-55» жүргізушісі көп ұзамай ұсталды. Полицияның хабарлауынша, ер адам көлікті мас күйінде жүргізген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/