Жол апатын әдейі ұйымдастырған тәртіп сақшысы сотта жеңіліп қалды

0

Тәртіпті түзеудің орнына кейбір қатардағы сержанттар қызметіне сылғырттық танытып жатады.

Жол көлік апатына қатысты тәртіп сақшысы сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мотоцикл жүргізушісін жол апатына кінәлі деп, жала жапқан полицейдің уәжі дәлелін таппады. Бірақ өздерінің былығы ашылып қалды. ІІМ бұйрығы бойынша төске іліп жүруге міндеттелген бейне таспаға пагон таққан инспектор аузына келгенін айтқан видеосы көпшілікке жария болып, масқарасы шыққан еді.

Бәйдібек би даңғылында мотоциклді байқаған тәртіп сақшылары соғып тоқтатуға бел буады. Одан қалса, көліктен түсе салып жарақат алған жолаушыға көмек көрсетпеген. Есесіне, дауыс көтеріп, бағынбадыңдар деп жала жапқысы келеді.

Осыдан кейін оқиға басына өзіндік қауіпсіздік басқармасының кезекшісі шақырылады. Жол апатына шығу тобының инспекторлары келді. Жарақат алған азаматшаны дәрігерлер ауруханаға әкеткен.

Юлия, жолаушы:

“Бізді келіп соққаннан кейін мен оң жаққа қарай құлап қалдым. Осы жарақаттардан кейін менің оң қолым, жамбас сүйектерім ұзақ уақыт қалпына келді. Бірақ еш жерім сынбағанына шүкір деймін”.

Осы күнгі ЖКО қатысты іс материалдар мамандандырылған әкімшілік соттың қаралуына келіп түседі. Істің анық-қанығын судья Бекназаорв анықтады. Іс бойынша әкімшілік іс жүргізуші Р. Галлямовқа қатысты қозғалған. Сотта жүргізушіден оқиғаның мән-жай сұралды.

Рафаэль Галлямов, мотоцикл жүргізушісі:

“Мен өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Өйткені мен жол жиегінде достарымды күтіп тұрған едім. Енді ғана қозғалыс жасайын дегенде арнайы автокөлікпен қысып жіберді. Мен соққыдан қашуға әрекеттенгенде олар мені керісінше көлікпен соғып жықты. Бір емес, екі рет соққы жасады”.

Іске төрағалық етуші судья ҚР ӘҚБК 741 бабына сәйкес жүргізушіге қозғалған іс жүргізуді құрамында әкімшілік құқық бұзушылық әрекетінің болмауына байланысты тоқтатты.

Әбдіғаппар Бекназаров, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

“Соттың анықтағанындай бұл ЖКО Р.Галлямов деген азаматтың еш кінәсі жоқ. Керісінше тәртіп сақшыларының өздері осы жол апатын жасауға ықпал еткен. Іс жүргiзудi бастауға нақты дәлел болмағандықтан бұл iс тоқтатылуға жатады. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының қызметте жүргенде жіберген кемшліктері үшін оларға жеке қаулы шығарылды. Демек инспекторларға тисті шара көрілуі үшін жауапты органға соттың шешімі жолданған”.

Тәртіпті түзеудің орнына кейбір қатардағы сержанттар қызметіне сылғырттық танытып жатады. Бұл инспекторға қатысты қандай шара көрілгендігі туралы арнайы сұраным хат жолданатын болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/