Жойқын өрттен 600 үй жанып кетті

0
Жойқын өрттен 600 үй жанып кетті


Бразилияның солтүстігіндегі Манаус қаласында (Амазонас штаты) қатты өрттің салдарынан кем дегенде 600 үй өртеніп кетті.

Бұл туралы сейсенбіде Globo телеарнасы хабарлады. Оның айтуынша, 2500-ге жуық тұрғын үйсіз қалды. Тілсіз жаудың шығу себептері әлі анықталмады. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің дерегі бойынша, бұл өрт ауқымы бойынша өңір тарихында екінші болып тұр.

Амазонас штатының астанасы Манаус, Амазон өзенінің жағалауында орналасқан. Оның халқы 1,8 миллион адамды құрайды. Манаусқа туристер көп келеді, себебі Амазонкаға экскурсия жасау осындағы порттан басталады.