Жойқын цунами концерт өтіп жатқан сахнаны шайып кетті
Индонезиядағы цунамидің салдарынан қаза тапқандардың саны 281-ге жетті.
Ал зардап шеккендер 1016-ға, із-түссіз жоғалғандар 57-ге жетті. Жүздеген үйлер қираған. Цунами Анат-Каракатау жанартауы атқылағаннан кейін суасты көшкіні салдарынан болды деген болжам бар. Табиғи апаттармен күрес агенттігінің өкілі жариялаған кадрлардан цунамидің зардаптарын көруге болады — көшелерді су басып, көліктер аударылған.
Әлеуметтік желілерде Seventeen жергілікті рок тобы ән айтып тұрған жағалауда толқынның музыканттарды сахнадан шайып әкеткені түсірілген видео жарияланды. Артынша топтың вокалисі Инстаграмға видео жариялап, онда топтың басисі, гитарисі және гастрольдік менеджерінің қаза тапқанын мәлімдеді, ал топтың басқа екі мүшесі мен оның жұбайы жоғалып кеткен.
Мемлекет билігінің хабарлауынша, толқын Анак-Кракатау жанартауының атқылауы салдарынан көтерілуі мүмкін. Ал Индонезияда әзірге цунами жайлы алдын-ала ескерту жүйесі қарастырылмаған.