жоғары ұпай жинаған түлекке сыйлық беріледі
Қысқа сілтеме алу
Ұлттық тестілеу орталығы биылғы бірыңғай тестілеуде максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне сыйлық береді
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы биылғы сынақта максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне арнайы сыйлық дайындап қойды. Бұл туралы орталық директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Биыл ҰБТ-да ұпайды әділ жинаған әрбір түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады!», — деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.
Орталық басшысы тестілеу кезінде түсірілген әрбір бейнежазба мұқият талданатынын ескертті. Осы жұмыс 25 тамызға дейін жасалады. Егер өтініш берушінің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталса, тест пен конкурстың нәтижесі жойылады. Бұдан бөлек, әрбір аудитория тікелей эфирге қосылып тұрады.
Тағы оқыңыз: «Құпия емес»: сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Атап айтқанда, бұған дейін тыйым салынған заттар табылса, мектеп түлегін тест тапсыруға жіберген. Енді, металлөткізгіштен өту кезінде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда мектеп түлегі тестке жібірлмейді. ҰБТ-ны тек келесі жылы ғана тапсыруға мүмкіндік беріледі.
sputniknews.kz