Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайгазда», «Бәйтеректе» және Назарбаев Университетінде тексеру жүргізеді

Жоғары аудиторлық палата «ҚазМұнайгазда», «Бәйтеректе» және Назарбаев Университетінде тексеру жүргізбек. Бұған дейін палата теміржол саласында, медицина саласында және Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі олқылықтарды тексерген. Тексерулердің нәтижелері БАҚ та кеңінен талқыланды.
— ҚТЖ қарызы 2,9 триллион теңгеге жеткені;
— дәрі-дәрмек саласында 3,7 миллиардтық бұзушылықтар, шектен тыс үстемелер және дұрыс емес логистика;
— Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тиімсіз жоспарлар, миллиардаған дұрыс игерілмеген қаржылар анықталды.
фото: Depositphotos.com/AndreyPopov