Жоғарғы сот тексеріс қорытындысын жария етті

0
11
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Комиссия судья мен прокурор түскен саунадағы видеоға қатысты тексеріс жүргізіп, оның қорытындысын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Судья әдебі жөніндегі комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейітовтің судья этикасын бұзғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық сотының судья әдебі жөніндегі комиссиясы төтенше жағдай кезінде Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З.Сейітовтің саунада демалу фактісіне қатысты тексеріс жүргізді.

«Комиссия Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Судья этикасы кодексін бұзғанын растады. Қазіргі таңда Сейітовке қатысты материал Алматы облыстық сотының пленарлы отырысының қарауында жатыр», – делінген хабарламада.

Жоғарғы сот судьяларды жұмыстан шығару бірнеше кезеңнен тұратынын атап өтті.

Біріншіден, Судья әдебі жөніндегі комиссия нақты жағдайға тексеріс жүргізіп, судьяның сот этикасын бұзып-бұзбағанын анықтап, қорытынды жасайды.

Егер заңбұзушылық анықталса, облыстық соттың барлық судьясы қатысатын жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы істі Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот жюриіне жолдау мәселесін шешеді.

Бұл ретте судья Жоғарғы сот кеңесіне Сот жюриінің оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіміне шағым түсіруге құқылы. Тек осыдан кейін ғана Жоғарғы сот кеңесі түпкілікті шешім қабылдай алады.

Саунадағы атышулы видео

Мамыр айының басында желіде Жаркенттегі саунада түсірілген видео тарады. Автор төтенше жағдай кезінде саунада әріптестерімен бірге қалай демалып жатқанын көрсеткен. Прокурордың қасында Алматы облысы аудандық сотының судьясы болған.

Тағы оқыңыз: Алматыда Наурызбай аудандық сотының судьясы төрт жылға сотталып кетті

Осы оқиғадан кейін бас прокуратура қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейітовтің өкілеттігін тоқтатты.

Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан қуылды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз