Жоғарғы сот неліктен Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі ұзақ қаралып жатқанын түсіндірді

0

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллин “Дикий Арман” мен Қайрат Құдайбергеннің ісінде сот тергеуі неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парламент кулуарында Рахметуллина бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіндегі барлық нақты деректер алқаларға ұсынылмағанын алға тартты.

«Әрбір инстанция өз қызметін еркін жүзеге асырады. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталған жоқ. Қалай аяқталса, солай бұл туралы ақпарат болады. Сот тергеуі жүріп жатыр», – деп жауап берді ол.

Кейін Рахметуллинаға неліктен Арман Жұмагелдиев пен Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің істері Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қарағанда ұзаққа созылып жатқанын сұрады. Сот алқасының басшысы бұған сот зерттеуге міндетті көптеген материалдар бар екенін айтып жауап берді.

«Істер әртүрлі болады. Бір эпизодтан ғана тұратын іс бар. Онда бір жәбірленуші мен бір куәгер болуы мүмкін. Сәйкесінше оны бірнеше отырыста-ақ аяқтауға болады. Ал 50 сотталушы, 250 жәбірленуші болса, сот барлық жайтты толығымен тексеруге міндетті. Қылмыстық іс материалдары көп істер бар. Сол себепті оның қашан аяқталатынын айта алмаймын. Мұның бәрін сот жеке шешеді. Бүгінгі таңда, менің білуімше, әлі аяқталған жоқ», – деп қосты Рахметуллина.