Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген сот үкімін өзгертті

0
Адвокаттар түсіндіргендей, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бұл шарттарды бұзса, сот шартты жазаны нақты мерзімге ауыстырып, оны колонияда өтейтін болады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасы өзгертілді. Бұл туралы заңгерлер Анна мен Олег Черновтар Instagram-да жария етті, – деп хабарлайды  Kznews.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Нұрасылға үкімін өзгертіп, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған Жоғарғы сотқа алғыс айтамыз. Демек, ол шетелге шыға алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, ішімдік іше алмайды және басқа да қылмыстарды жасай алмайды, пробация қызметіне хабарлап, күн сайын сағат 23:00-де үйде болуы керек», –  деп жазды үкім туралы.

Адвокаттар түсіндіргендей, Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бұл шарттарды бұзса, сот шартты жазаны нақты мерзімге ауыстырып, оны колонияда өтейтін болады.

«Біз бұл үкіммен келісеміз және барлығына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!», — деп жазды автор.
Фото:uww.asia