Жоғалып кеткен өскемендік такси жүргізушісі өлі табылды

0

30 қазан күні Өскеменде жоғалып кеткен такси жүргізушісі өлі табылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында қазанның 30-ынан 31-іне қараған түні үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған такси жүргізушінің мәйіті табылды. Облыстық полиция департаменті Алтай Қалиевты өлтіріп кеткенін хабарлады.

Туыстары Алтай Қалиевтың жоғалғаны туралы арызды марқұм үйіне оралмаған күннің ертесіне жазған. 55 жастағы Алтай Қалиев түн ортасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Такси жүргізушісін туыстарын бір апта бойы іздеген. 5 қараша күні марқұмның өліп қалғаны белгілі болған. Ерікті іздеушілер Қалиевті біреудің қолынан қаза тапқан болуы мүмкін деген пікірде.

Тергеушілер Алтай Қалиевты қалай өлтіргені туралы ақпарат таратпай отыр, алайда қылмысты жасады деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Ол 25 жастағы жігіт екені және бұрын сотқа тартылмағаны белгілі болды.