Ересек махаббаттың 9 белгісі. Сіздерде мұның қаншауы бар?

0

Отто Кернберг тұлғаның психоаналитикалық заманауи теориясын және өзінің жеке әдісін жасап шығарды. Нарциссизмге жаңа көзқараспен қарап, шекаралық бұзылған тұлғаларға терапия ұсынды. Кейін күтпеген жерден өзінің зерттеу нысандарын өзгертіп, махаббат пен сексуалдылық туралы кітабымен таңғалдырды.

— Адами сексуалдылықты ғылым тұрғысынан қаншалықты зерттеуге болады?

— Физиологиялық процесстерді зерттеуде қиындық туындайды: арнайы құрылғысы бар датчик тағып, ғалымдар бақылап тұрған жерде махаббатпен айналысатын еріктілерді іздеу қажет. Бірақ психология тұрғысынан біреуден басқа проблема көріп тұрған жоқпын: психологтар мен терапевтер көп жағдайда сексуалдық өмір туралы дұрыс сұрақ қоюдан қысылады.

— Психологтар? Олардың клиенттері емес?

— Мәселе осыда болып отыр! Клиенттер психотерапевтер секілді ұялшақ емес. Және бекер: егер сіз әңгімеге логика жағынан келетін сұрақты дәл қойсаңыз, онда өзіңізге керек ақпаратты аласыз. Көптеген терапевтерге сексуалдық өмірге қатысты сұрақты дұрыс және дәл уақытында қоюға тәжірибе жетпейтін сияқты.

Терапевтің ақылды, эмоционалдық тұрғыдан ашық және кемел болуы маңызды. Алайда ол, мұнымен қатар, тым қысылмай, шектелмей қарабайыр уайымды да қабылдай білу қажет.

— Өмірдің зерттеуге келмейтін салалары бар ма?

— Маған барлығын зерттей алатынымыздай және зерттеуіміз керек те болып көрінеміз. Ең басты кедергі — қоғамның жыныстық қатынастың бар немесе өзгеше көрініс табуына қарым-қатынасы. Мұндай зерттеулерді ғалымдар, психоаналитиктер немесе клиенттер емес, қоғам тежейді. Ресейде жағдайдың қалай екенін білмеймін, мысалы, АҚШ-та балалар сексуалдылығына қатыстыны зерттеу өте қиын.

Үздіксіз қарым-қатынас ересек сексуалдық махаббатқа алып келуі мүмкін. Алып келмеуі де ғажап емес.

Тағдырдың шытырмандығы бір кездері америкалық ғалымдар осы саланы зерттеуде ізашар болған. Бірақ қазір балалар сексуалдылығымен байланысты саланы зерттеуге қаржы сұрап көріңіз. Ең жақсы деген жағдайда сізге ақша бермейді, ал ең жаман жағдайда сіздің үстіңізден полицияға арыз түсіреді. Сол себепті осы сипаттағы зерттеулер мүлдем дерлік жүргізілмейді. Бірақ олар әртүрлі жаста сексуалдылықтың қалай дамитынын, сексуалдық ориентация қалай қалыптасатынын білу үшін қажет қой.

— Егер балалар емес, үлкендер туралы айтатын болсақ: сіз жазатын ересек сексуалдық махаббат биологиялық жаспен қаншалықты байланысты?

— Физиологиялық тұрғыдан адам баласы сексуалдық махаббат үшін жасөспірімдік шақта немесе жас кезінде дайын болады. Бірақ ол белгілі ауыр тұлғалық бұзылуға шалдыққан болса, іштей есеюге көбірек уақыт қажет. Сонымен қатар, өмірлік тәжірибе де үлкен рөл атқарады, әсіресе, қалыпты немесе невротик тұлғаларға келетін болсақ.

Қалай болғанда да ересек сексуалдық махаббат тек 30 немесе 40 жастан асқан адамдарға ғана тиесілі дүние деп ойламау керек. Мұндай қарым-қатынасты 20 жастағылар да бастан өткере алады.

Бір кездері жұптың әрбір мүшесінің тұлға патологиясының деңгейі олардың ортақ өмірінің әрі қарай қалай болатынын болжау мүмкін еместігін көрсететінін байқадым. Екі сап-сау адам қосылып, тозаққа түскендей күн кешетін кездері болады. Кейде жұптың екі мүшесі де ауыр тұлға бұзылуына шалдықса да, қарым-қатынастары керемет болатын жағдайлар бар.

— Бір серікпен бірге тұру тәжірибесі қандай рөл ойнайды? Үш сәтсіз неке соңында ересек сексуалдық махаббатқа алып келуі мүмкін бе?

— Менің ойымша, адам баласы үйренуге қабілетті болса, ол сәтсіздіктерінің өзінен сабақ алады. Сол себепті сәтсіз неке есейе түсуге және жаңа қарым-қатынаста табысты болуға көмектеседі. Бірақ адамның ауыр психологиялық қиындықтары болса, ол ешнәрсе үйренбей, бір некеден екіншісіне өте береді.

Бір адаммен ұзақ қарым-қатынаста болу — дәл осылай ересек сексуалдық махаббатқа алып келеді. Әкелмеуі де ғажап емес — тағы бір рет қайталаймын: көп нәрсе тұлғаның психологиялық құрылымының типіне байланысты.

— Мысалы, Фрейд білмеген және білуі мүмкін емес деген махаббат пен сексуалдылыққа қатысты не білесіз?

—Алдымен Фрейд не білді және не нәрсені білмеді дегенді дұрыс түсінбейтінімізден бастау қажет. Өзі үшін махаббат проблема болуды тоқтатқанша ол туралы жазғысы келмейтінін айтқан еді. Шындығына келгенде ешнәрсе де жазған емес. Яғни бұл оның өмірінің соңына дейін осы мәселенің шешімін таппағанын білдіреді. Бұл үшін оны айыптаудың қажеті жоқ: түбінде бұл адамгершілікке сай әрекет және таңғаларлық жай емес. Көптеген ұлы адам бұл проблеманы өмірінің соңына дейін шеше алмай кеткен.

Бірақ ғылым тұрғысынан келер болсақ, біз Фрейдке қарағанда махаббат туралы көп нәрсе білеміз. Мысалы, ол біз махаббатқа негізделген қарым-қатынасқа либидомызды инвестиция жасау арқылы оның «қорын»тауысамыз деген еді. Бұл үлкен адасу. Либидо — «қоры» таусылатындай мұнай немесе көпір емес. Қарым-қатынасты дамытуға үлесімізді қоса отырып біз өзімізді де байытамыз.

Фрейд әйелдердің супер-эгосы ерлерге қарағанда әлсіз көрініс табады деп топшылаған. Бұл да қате. Фрейд пенисті көре алмау — әйелдерге әсер ететін алапат күш деп ойлаған. Бұл да шындық, бірақ ер адамдар да әйелдің табиғи болмысына қызғанышпен қарайды, ал Фрейд мұны елемеген. Былайынша айтқанда, осы жылдар ішінде психоанализ бір орында тұрған емес.

— Сіз ересек сексуалдық қарым-қатынастағы еркіндік серігімізге объект ретінде қарауға мүмкіндік береді деп сендірдіңіз.

— Мен бар болғаны сау, үйлесімді сексуалдық қарым-қатынаста барлық сексуалдық импульстер көрініс таба алатынын айтқым келді: садизм, мазохизм, вуайеризм, эксгибиционизм, фетишизм және т.б.-лардың көрініс табуы. Серігіміз осы садистік және мазохистік ұмтылыстарды қанағаттандыру объектісіне айналады. Кез келген сексуальдық импульстерде эротикалық және агрессия компоненттері бар және бұл табиғи нәрсе.

Жұпта сайлау кезінде тек бір кандидатқа дауыс беру міндетті емес. Мейірімділік пен жамандық туралы ұқсас түсініктің болуы бұдан әлдеқайда маңызды. Бастысы — ересек қарым-қатынаста осы импульстердің объектісіне айналатын адамның олардың көрініс табуына келісіп, болып жатқан процестен ләззат алуы. Қарама-қарсы жағдайда ересек махаббат туралы сөз қозғаудың еш қажеті жоқ.

— Той қарсаңында жас жұпқа не тілейтін едіңіз?

— Мен оларға өзінен және бір-бірінен ләззат алуді тілейтін едім. Жыныстық қатынаста мынау дұрыс, анау дұрыс емес деп жұрт таңған түсінікпен қалып қоймай, қиялға ерік беріп, ләззат іздесе және таба білсе. Бұдан өзге олардың күнделікті тұрмысы қалауларының ортақ болуына негізделсе игі. Бұл алдыда тұрған қиындықтарды бірге шешіп, жауапкершілікті бөлісе алу үшін қажет.

Және олардың құндылықтар жүйесі қарама-қайшы болмаса тамаша. Бұл олар сайлауда тек бір адамға дауыс беру керек дегенді білдірмейді. Жақсылық пен жамандық туралы түсініктері мен рухани баюға деген ұмтылыстары ортақ болса бұдан әлдеқайда жақсы. Олар ортақ құндылықтар жүйесі үшін, белгілі бір жұптың масштабындағы ұжымдық мораль үшін негіз бола алады. Бұл — олардың ең берік қорғанысы, мықты серіктестікке негізделген қарым-қатынаста ең күшті тірегі.

ЕРЕСЕК МАХАББАТТЫҢ 9 БЕЛГІСІ

Жұптағы қарым-қатынастың қаншалықты үйлесімді екенін қалай білуге болады? Төменде психоаналитик Отто Кернберге атаған ересек махаббаттың 9 белгісі.

1. Серігіміздің өмірлік жоспарына деген қызығушылық (көреалмаушылықтан ада қызығушылық).

2. Базалық сенім: екі адамның да ашық және адал бола білу қабілеттілігі, тіпті, әрқайсысы өзінің кемшіліктеріне келгенде.

3. Мазохистік мойынұсынту мен агрессияны жоққа шығарудан өзгеше шынайы кешіре білу.

4. Ұяңдық пен алғыс айта білу.

5. Ортақ өмірдің негізгі құрылымы ретінде ортақ идеалдардың болуы.

6. Ересек тәуелділік: көмек сұрай білу (ұялмай, қорқынышсыз және кінә сезімінсіз) және көмек көрсете білу қабілеті; екі адамның да көңілін қалдыратын билікке таластан, бір-бірін кінәлаудан және кімнің дұрыс-бұрыс жасағанын анықтаудан аулақ бола отырып жауапкершіліктер мен міндеттерді әділетті бөлісе білу.

7. Сексуалдық құмарлықтың тұрақтылығы. Физикалық кемшіліктер мен денедегі өзгерістерге қарамастан екінші адамды жақсы көру.

8. Жоғалтып аламын деген қорқыныштың, қызғаныш және жұп шекарасын қорғаудың қажеттілігі барын мойындау. Өзге адам бізді тура біз оны жақсы көретіндей сүйе алмайтынын түсіну.

9. Махаббат пен жоқтау: серігімізбен айырылысқанда немесе ол мәңгілік сапарға аттанғанда оның өмірімізде қандай орын алғанын толық түсінеміз. Бұл әрі қарай жаңа махаббатты кінә сезімінсіз қабылдауға алып келеді.

Отто Кернберг — медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық психоаналитикалық ассоциацияның экс-президенті және АҚШ-тағы Колумбия университетінің Психоаналитикалық оқыту және зерттеу орталығында супервизор, Корнелль университетінде психиатрия профессоры және Вестчестерде тұлғалық бұзылу институтының директоры. 30 кітаптың авторы және соавторы. Тұлғаның шекаралық бұзылуы саласында ойып тұрып орын алатын мамандардың бірі. Тұлға психоаналитикалық теориясының заманауи құрушысы.


Тегтер:ересек адамда қан көлеміересек адамның жүрегінің салмағыересек адамның қалыпты ұйқысыересек оқушы кімересек переводересек топересек топ дидактикалық ойындарересек топ жылдық жоспарересек топ күн тәртібіересек топ циклограммаерлі-зайыптыларерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режиміерлі-зайыптылардың ажырасу себептеріерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты міндеттеріерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасыерлі-зайыптылардың ортақ меншігіерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігіерлі-зайыптылардың қалыптасуыерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттеріерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарыЖыныстық қатынасжыныстық қатынас əңгімелержыныстық қатынас арттанжыныстық қатынас арттан беруге бола мажыныстық қатынас вкжыныстық қатынас кезінде жел шығужыныстық қатынас позаларыжыныстық қатынас туралы оқиғаларжыныстық қатынас түрлеріжыныстық қатынас қалай болады видеожұп санжұп сандаржұп функцияжұпар садақбаеважұпар садақбаева сағындым сеніжұпаргүлжұпартышқанжұптарды сәйкестендіржұптық жұмысжұптық жұмыс мәтін мазмұныныңмахаббатмахаббат деген немахаббат деген қандайдымахаббат ертегі емес скачатьмахаббат ертегі емес текстмахаббат туралы цитатаМахаббат туралы өлеңдермахаббат қызық мол жылдармахаббатым жаным жанымотто кернберготто кернберг книгиотто кернберг нарциссизмотто кернберг отношения любвиотто кернберг отношения любви норма и патологияотто кернберг отношения любви скачатьотто кернберг семинаротто кернберг структурное интервьюотто кернберг тяжелые личностные расстройстваотто кернберг цитатыпсихоанализпсихоанализ бағытыпсихоанализ деген непсихоанализ краткопсихоанализ нені зерттейдіпсихоанализ основные идеипсихоанализ тестпсихоанализ философияпсихоанализ философиясыпсихоанализ фрейдапсихоаналитикпсихоаналитик алматыпсихоаналитик зигмунд 5 буквпсихоаналитик фильмпсихоаналитикаПсихоаналитикалық бағытпсихоаналитикалық дәстүрпсихоаналитикалық психотерапияпсихоаналитикалық теорияпсихотерапевты астанатұлғаның даму кезеңдерітұлғаның даму процесітұлғаның даму процесінің дамытушы күштерітұлғаның даму теориясытұлғаның даму факторларытұлғаның дамуытұлғаның дамуы мен қалыптасуытұлғаның дамуына ортаның әсерітұлғаның дамуына әсер ететін факторлартұлғаның дамуында белсенділіктің алатын орнытөсек қатынасытөсек қатынасы жайлы әңгімелертөсек қатынасы исламдатөсек қатынасы туралы оқиғалартөсек қатынасы туралы әңгіметөсек қатынасы қалай боладытөсек қатынасы қимылдарытөсек қатынасы әңгімелертөсек қатынасын ұзартутөсек қатынасының пайдасы