жоғалған екі жасар сәбидің денесі табылды
Қысқа сілтеме алу
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың мәйіті сот сараптамалар орталығына жіберілді
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Жоғалып кеткен баланың денесі өз үйінің ауласындағы құдықтан табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бүгін құқық қорғаушылар ашық тұрған құдықтарды тексеруді бастаған. Сол кезде баланың мәйіті табылды. Бұған дейін құтқарушылар үйге жақын тұрған өзеннің арнасын тексерген болатын.
«20 тамызда Средигороное аулының Алтай ауданында полиция қызметкерлері құдықтарды сұйықтық пен лайдан тазартып, қосымша тексерісті бастады. Зерттеу кезінде зардап шеккен азаматтардың ауласындағы құдықтың ішінде лайдың астынан 2017 жылы туған кішкентай Әлихан Талғатовтың мәйіті табылды», — дейді құқық қорғаушылар.
Қазіргі кезде оқиға орнында тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың мәйіті сот сараптамалар орталығына жіберілді.
Әлихан қалай жоғалды?
Өткен сенбі күні Әлихан есімді бала өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын. Ол 6 жасар әпкесімен ойнап жүрді. Осы уақытта анасы үлкен қызымен асханада тамақ пісіріп жатқан. Үйге қызы жалғыз кіреді, інісін шақырып келуге кеткен үлкен қызы оны ауладан таба алмады.
Әлиханды іздеу шараларына құтқарушылар, кинологтар, полицейлер, еріктілер мен қарапайым адамдар атсалысты. Бас кезінде бала үйден 20 метр шалғай жерде ағып өтетін Березовка өзеніне батып кетті деген болжам болған. Содан құтқарушылар өзеннің арнасын жан-жақты тексеріп шықты. Тіпті, өзенді уақытша құрғату туралы ұсыныс болды. Жалпы, іздеу шараларына 200-ге жуық адам қатысты. Олар жақын маңдағы аумақтың бәрін: тоғай, шұңқыр, жерқойма мен қираған құрылыстарды қарап шықты.
Тағы оқыңыз: 2 жасар бала өз үйінің ауласында жоғалып кетті
Өскеменнен арнайы кинологиялық құтқарушылар тобы де келген. Аспаннан іздеу жұмыстары квадракоптердің көмегімен жүргізілді.
sputniknews.kz