Жоғалған алматылық студент жігіт өлі күйінде табылды – Қазақстан жаңалықтары

0
12

Алматыда 19 мамырдан бері іздеуде жүрген Ілияс Егізбаевтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еріктілердің инстаграмдағы  volontery_almaty_lider.kz аккаунтындағы ақпаратқа сәйкес, Егізбаев өлі күйінде табылған.

«Ілияс Егізбаевтың денесі бүгін таулы аймақта табылды. Сот-медициналық сараптаманы тағайындалды», – деді Алматы қаласының полиция департаментінде.

Ілияс 19 мамырда түстен кейін үйден шығып кеткен. Ол туыстарына серуендеуге кеткенін айтқан. Белгілі болғандай, отбасында жанжал болмаған.



stan.kz