ЖЭС-тің ауа райы мен адам денсаулығына әсері — Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер — Bilim

0

Жылу электр станциясы (ЖЭС) дегеніміз не?

Жылу электр станциясы (ЖЭС) — жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелері үшін электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар жылу энергиясын да өндіретін жылу электр станциясының түрі.

Қазіргі заманғы ЖЭС — бұл құрылыстар мен агрегаттардың күрделі кешені.  

Мысал ретінде көмір электр станциясының жұмыс принципі мен құрылғыларын қарастырайық.

ЖЭС-ға келген көмір түсіру құрылғыларының көмегімен (15) вагондардан (14) түсіріледі және ұсақтау бөлімі арқылы (12) конвейерлермен (16) шикі отын бункеріне немесе резервтік отын қоймасына (13) жіберіледі. Көмір диірменде ұсақталады (22). Сепаратор (7) мен циклон (8) арқылы көмір тозаңы, диірмен желдеткішімен (20) берілетін ыстық ауаның көмегімен шаң бункерлері (6) арқылы қазандық оттығына (21) беріледі.

Жоғары температуралы жану өнімдері қазандықтың (10) жылу алмастырғыштарында суды ыстық бу жағдайына дейін қыздырады.

Бу турбинаның (2) сатыларында күшейіп, оның роторын, сонымен қатар элетр тоғын тудыратын электр генератор роторын (1) айналдыра бастайды. Пайда болған электр энергиясын жоғарылататын трансформаторлардың көмегімен (30) алдымен ашық тарату құрылғысына (АТҚ), содан кейін энергия жүйесіне берілетін жоғары кернеулі токқа түрлендіреді. Пайдаланылған бу конденсаторға түседі (28). Онда пайда болған конденсат конденсаттық сорғылармен (32) төмен қысымды регенеративті жылытқыштар арқылы (31) деаэраторға түседі. (4,5).

Мұнда қанығу температурасына жақын температурада жабдықтардың коррозиясын тудыратын суда ерітілген газдарды жою үрдісі жүреді және су қанығу температурасына дейін қыздырылады. Конденсаттың шығынының орны деаэраторға қосылған арнайы қондырғыларда (29) тұзсыздандырылған сумен толтырылады. Ауасыздандырылған және ысытылған су қоректендіргіш сорғы арқылы (27), жоғары қысымды регенеративті жылытқыштарға (26), содан кейін қазандықтың экономайзеріне беріледі. Қолданыстық заттың түрлендіру циклі қайталанады. Отын жанған кезде пайда болатын газдар от жағу камерасынан (21),  содан соң қолданыстық затқа жылу беретін (10) бу қыздырғышы мен су экономайзердің беті арқылы өтеді. Алынған артық жылу орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне (жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттілігіне) бөлінеді. Содан кейін күл аулағыштарда (19) газдар ұшпа күлден тазартылады және түтін құбыры (11) арқылы түтін сорғыштармен (17) атмосфераға шығарылады. Оттық камераның, ауа жылытқыштың және күл аулағыштардың қоқысы мен күлдері сумен жуылады және арналар (18)  бойынша оларды күл үйінділерге айдайтын сорғыларға түседі.

 

 


1. электр генераторы;

2. бу турбинасы;

3. басқару пульті;

4. деаэратор;

5. деаэратор;

6. шаң бункері;

7. сепаратор;

8. циклон;

9. қазандық;

10. жылыту беттері (жылу алмастырғыштар);
11. түтін құбыры;

12. ұнтақтау бөлмесі;

13. резервтік отын қоймасы;

14. вагон;

15. түсіру құрылғысы;

16. конвейер;

17. түтінтартқы;

18. арна;

19. күл ұстағыш;

20. желдеткіш;
21. оттық;

21. диірмен;

23. сорғы станциясы;

24. су көзі;

25. айналмалы сорғы;

26. жоғары қысымды регенеративті жылытқыш;

27. қоректік сорғы;

28. конденсатор;

29. суды химиялық тазалау қондырғысы;

30. ұлғайтқыш трансформатор;

31. төмен қысымды регенеративті жылытқыш;

32. конденсатты сорғы;

Атмосфераның ластануы

Фото informburo.kz

Бүгінгі күні қолданыстағы электр станцияларының барлық түрлерінің ішінде органикалық отындағы жылу станцияларының қоршаған ортаға едәуір әсері бар

 

Негізгі фактордың бірі — адам денсаулығына зиянды әртүрлі ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары. Негізгі ластаушы заттар — күйе, күкірт диоксиді, азот, көміртегі оксиді, әсіресе, улы газ (CO), ауыр металдардың қосындылары, канцерогенді бензапирен (С212). Шығарындылардың нақты құрамы қолданылатын қазандардың типтеріне және жағылатын отынның түріне байланысты ерекшеленеді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған ЖЭС маңында ауадағы оттегінің пайыздық арақатынасы азаяды.  

— МАҢЫЗДЫ —

ЖЭС барлық күкіртті ангидридтің 46%- ын және өндірістік кәсіпорындар атмосфераға шығаратын көмір тозаңының 25% — ын бөледі.

 

Қазіргі заманғы қуатты ЖЭС — тер тәулігіне 20 000 тоннаға дейін көмірді жұмсайды және тәулік сайын атмосфераға:

— 200 тонна азот оксидін,

— 680 тонна күкірт диоксиді және күкіртті ангидритті,

— 120-240 тонна қатты шаң бөлшектері мен күлді және күйе тастай алады.

 

ЖЭС қалаларда пайда болатын тұмшаның негізгі себебі болып табылады. Атмосфераның шаңдылығы бұлтты уақыттарды арттырады. Мысалы, Парижде соңғы отыз жылда тұман және бұлтты күндер 5 есе артқан.

Су мен топырақтың ластануы

Күкіртті ангидрид, күкірт диоксиді және азот оксиді үлкен қашықтыққа тасымалданады және гидро мен литосфераны ластай отырып, шөгеді.

Осы шығарындылардың салдарының бірі — қышқылды жауындар.

Денсаулыққа әсері

ЖЭС шығарындыларының құрамында күйе, күкірт диоксиді, азот оксиді, көміртегі, ауыр металдардың қосылыстары, бензапирен және т. б. болады.

Көміртек оксиді өндірісте де, үй жағдайында да уланудың ең көп тараған себебі болып табылады. Мыңдаған адам жыл сайын көміртегі оксидімен уланудың салдарынан қайтыс болады.

Көміртегі оксиді миокард инфарктісінің себебі болуы және өкпенің ісінуін тудыруы мүмкін, ол плацента арқылы оңай өтеді және оттегінің кез келген жетіспеушілігіне сезімтал ұрыққа әсер етеді, бұл әсер ұрықтың қалыпты дамуына үлкен қауіп төндіруі әбден мүмкін. 

NOx тобының барлық тотықтарының арасында қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін ең қауіптісі — азот диоксиді. Қауіптілік сыныбы-екінші. Уыттылығы жоғары зат. Ауадағы азоттың диоксиді, тіпті аздаған концентрацияларда да адам ағзасында елеулі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Бұл өткір тітіркендіргіш. Иммунитетті төмендетеді. Бензапиреннен басқа, онкологияның даму қаупін ЖЭС шығарындыларындағы ұсақ дисперсті қалқымалы заттар да арттырады.

Адам денсаулығына басқа да әсері:

— Тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және орталық жүйке жүйесі мүшелерінің ауру ықтималдығын арттырады;

— Иммунитетті төмендетеді;

— Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын нашарлатады, өнімділікті төмендетеді;

— Климатқа теріс әсер етеді;


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: