Жээнбеков Бішкекке әскер мен әскери техника кіргізуге бұйрық берді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекке әскери бөлімшелер мен әскери техника кіргізуге бұйрық берді. Жээнбеков бүгін 9-21 қазан аралығында Бішкекте төтенше жағдай жариялаған болатын.
«Қарулы Күштердің Бас штабы Бішкек аумағына әскери күш пен әскери техниканы кіргізіп, арнайы блок-посттар құрып, қарулы қақтығыстың алдын алып, азаматтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», — делінген бұйрықтың бір тармағында.
Қазіргі таңда Бішкекте Алмазбек Атамбаев пен Өмірбек Бабановтың ұйымдастыруымен үлкен митинг болып жатыр.
newsroom.kz