Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды

0
21

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Иманов ержүрек жігітті жеке құрамның атынан алғыс хатпен марапаттады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында Жітіқара полицейлері колледж студенті Темірлан Әбдіғалиевті марапаттады. Ол терезеден құлаған кішкентай баланы қағып алған.

Темірлан Ақтөбе медициналық колледжінде оқиды. Сол себепті марапаттау рәсіміне келе алмады, деп хабарлады Polisia.kz.

«Үйде шәй ішіп отыр едім. Көрші үйдің терезесіне кішкентай бала шығып кеткенін көріп қалдым. Күрткемді кие сала, сол үйге қарай жүгірдім. Жақындап қарасам, бала қорыққаннан дірілдеп тұр. Бір кезде құлап кетті. Мен оны қағып алдым. Сәбидің үреймен қараған көзі есімнен кетпейді. Баланың жерге құламағаны жақсы болды. Ол жерде асфальт болған», – дейді Темірлан.


©
Photo : Polisia.kz

Студент Жітіқарада терезеден құлаған баланы аман алып қалды

Батыл жігіт үшінші қабаттан құлаған сәбиді аяғынан қағып алыпты. Бала екінші аяғын жерге соғып ұрып алған. Дегенмен ауыр жарақат болмаған.

Алматыда ер адам бизнес орталықтың 12-қабатындағы терезеден құлап кетті 

Аудандық полиция бөліміне оның анасы Анар Шакуова келді. Бөлім басшысы Болат Иманов ержүрек жігітті тәрбиелеген ананың еңбегін ерекше атап өтіп, жеке құрамның атынан алғыс хат табыстады.



sputniknews.kz