«Жириновский атындағы қоқыс жәшігі»: Алматылықтар ресейлік саясаткердің «арманын» орындады
Жақында ресейлік саясаткер Жириновский өз сұхбатында Алматыда туып, Масанчи көшесіндегі 79-үйде тұрғандығын, көше атын оның құрметіне ауыстыруды армандайтынын айтқан.
Белсенділер оның тілегін орындап, Масанчи көшесі 79-үйддің ауласындағы қоқыс жәшігіне Жириновскийдің атын қойды.