“Жиналыстан шықтым”. Желіде костюм киіп, жол жөндеген депутаттың видеосы тарады
Желіде костюм киіп, жол жөндеген қарағандылық депутаттың видеосы тарады.
Видеоны жергілікті тұрғындардың бірі түсіріп алған. Мәслихат депутаты Нұрлан Әубәкіров қолына күрек алып, өзі ақша бөлген тасжолды өзі жөндеп жүр. Айтуынша, жөндеу жұмыстары арзанға шығып, шығынды өзі көтерген.
Ал “неге костюм киім жұмыс істеп жүрсіз?” деген сұраққа депутат “таңертең жиналыста болып, киім ауыстырып үлгермедім” дейді.
Желі қолданушыларының біразы оны мадақтаса, енді бірі көзбояушылық деп айыптауда.
фото: әлеуметтік желіден