Жиналыста тұрғындарды боқтаған ауыл әкімі, көпшіліктің алдында ақталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Кездесу барысында Алматы облысы Көктөбе ауылдық округінің әкімі тұрғындарды аузына келген сөз айтқан еді. Артынша өз кінәсін мойындаған ол ақталуға тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әкім

Бұл оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Видеода ауылдық округтің әкімі Болат Жасыбаев жиналысқа қатысқандардың біріне әдепсіз сөйлеген.

«Видеоны жіті қарап, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігімен сөйлестік. Ауылдық округ әкімінің қызметінен кетуі туралы құжаттары дайыдалуда. Бұл туралы шешім қабылданды. Облыс әкімінің үкімі бар», – дейді Алматы облысы әкімшілігінің баспасөз-қызметі.

«Құрметті ауылдық округтің тұрғындары! Еңбекшіқазақ ауданы Төле би және Алмалы ауылында ауыз су мәселесі бойынша сондағы бір тұрғынға ауыр сөз айтып қойып едім. Осы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Мереке күндері немен айналысқанымды және қандай кешкенімді көпшілік білетін болар. Бұл күндері мен ұйықтамадым, демалыссыз жұмыс істедім. Стресстік жағдайда ауыл тұрғынына ауыр сөйлеп қойдым. Сол себептен де ауыл әкімі қызметін өз еркіммен босаттым. Іс-әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен әруақытта сіздермен қуанышымды, қайғымды да бөлісіп келдім», – деді ауылдық округтің бұрынғы әкімі. 

stan.kz